Астанада сержант өртке оранған ғимаратқа қорықпай кіріп екі адамды құтқарды

Сәрсенбі, 27 Шілде , 2016 11:58

Елордадағы жатақханада тұратын Қайрат Ыбрайымов пен Алиса Леонова екінші рет өмірге келгендей болды. Олар өрт кезінде өз бөлмелерінде кілттеулі күйде қалып кеткен.

dd6e559aae469cea8aa44eeaed132af0

Бұл туралы Экспресс К басылымы хабарлайды.

Оларды сержант Асхат Сәлкеев асқан ерліктің арқасында аман алып қалған.

Жатақхана ғимараты таңғы сағат алтыда өртке оранады. Өрт сөндірушілер екі адамнан басқа тұрғынның бәрін сыртқа шығарып үлгереді. Алиса Леонова қызыл жалыннан барынша қашқанымен, өрт жақындай түседі. Сол сәтте сержан Асхат Сәлкеев терезені сындырып, металл тор қоршауды бұзып, Алисаны көшеге алып шыққан.

Осы кезде тұрғындар бесінші қабатта мүгедек Қайрат Ыбырайымовтың тұратынын айтады. Қатты жалынға қарамастан Асхат өртеніп жатқан ғимаратқа қайта кіріп, жоғары көтеріліп, Қайратты қолтықтап алып шығады.

“Мен мұны ерлік жасадым деп санамаймын. Адамдарды құтқару – бұл менің жұымысым”, – дейді Асхат Сәлкеев.

Астана қалалық төтенше жағдайлар департаменті сержант Сәлкеевті мемлекеттік марапатқа ұсынатындарын мәлімдеді.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
19.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар