Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада салынып жатқан «Әбу-Даби Плаза» ғимараты тағы да өртенді

Астанада салынып жатқан «Әбу-Даби Плаза» биік ғимараты тағы да өртенді. Сағат 07:47-де өрт туралы хабарлама келіп түскен, 08:50-де өрт толықтай сөндірілді.

өртАстана

Бұл туралы Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов хабарлады.

«4 наурыз күні сағат 07:47-де Әбу-Даби Плаза нысанының Түркістан көшесі жағындағы корпусының өртеніп жатқандығы туралы хабарлама келіп түскен.Оқиға орнына келіп жеткен өрт сөндірушілер минус 2-ші қабатының деңгейінде минералдық мақта (жылытқыш) өртеніп жатқанын анықтады. Жалын 50 шаршы метр аумақты шарпыған. Тілсіз жаумен күреске 5 негізгі, 4 арнайы техника бірлігі және жеке құрамның 37 адамы жұмылдырылған. Өрт сағат 08:47-де ауыздықталып, сағат 08:50-де толық жойылды. Өрттің шығу себебі анықталуда, оқиға орнында мамандар жұмыс істеп жатыр», – деп хабарлады Иманқұлов.

Еске сала кетейік, 2016 жылдың 13 ақпанында «Астана қалалық ТЖД-нің «Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстарының қызметі» ММ кезекшісінің пультіне салынып жатқан «Әбу-Даби Плаза» ғимараты бөліктерінің біріндегі өрт туралы хабарлама келіп түскен. 10 минуттан кейін өрт сөндірушілер оқиға орнына келіп, тілсіз жауды ауыздықтауға кірісті.

Бірнеше уақыт бұрын құрлысы бітпеген осы ғимараттың өртке оранғаны жайлы айтқан болатынбыз.

Талқылау