Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада президенттердің мүсіні бар ерекше көрме ашылды (фото)

Астанада саяси тұлғалар, Голливуд жұлдыздары мен танымал фильмдердің кейіпкерлері жиналды. Олардың барлығы балауыз мүсіндер көрмесінде тұр. Бұл туралы КТК хабарлайды.

37f7c4ba0c9ec6b5e17f3399feac945e

Суреттер Astana.gov.kz

Санкт-Петербургтың шеберлері 40-тан астам экспонаттарын көрсетті. Олармен қатар қазақстандық маман Айдос Есмағамбетов те өз жұмыстарын таныстырды. Нұрсұлтан Назарбаев пен Барак Обама бейнесін осы Айдос қашап шыққан. Олардың қасында Ресей президенті Владимир Путин де орналасқан. Сондай-ақ, бұл арадан Брэд Питт, Анджелина Джоли, футболшы Пеле секілді танымалдарды да байқауға болады.

9139df9353198135f2eec64df0cbe31f

Бір мүсінді жасауға 15 маман жұмылдырылып, ол толықтай бір жыл уақытты алады екен.

“Бұл кез-келген адам үшін, балаға да, үлкенге де қызық. Осы жолы біз 40 экспонатты әкелдік. Біздің көзқарасымыз бойынша, барлығы да қызықты персонаждар”, – дейді балауыз мүсіндер көрмесінің админстраторы Раиса Путилина.

Көрме келушілер үшін 13 шілде мен 21 тамыз аралығында сағат 10-нан бастап кешкі 8-ге дейін ашық.

27fbde59c916e94e24f08d388a6

a476d893d6f1c9f94096fcc26b5

d6466ad91bfcb15e5953d2bdcf1

e3bea0df7147f9496cdf589c0af

f30819d01953b6766579ae72633

Талқылау