Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада президент айтқан арзан етті іздеушілер көбейген

Әлеуметтік желіде елорда базарындағы ет бағасына байланысты дау көтерілді. Блогер Сырым Абдрахманов президентке жалған ақпарат бергенін, ал негізінде сиыр етінің бағасы оның партия съезінде айтқанынан қымбат екенін айтты, деп хабарлайды 31 арнасының сайты.

myaso

Оған жауап ретінде ауылшаруашылық министрлігінің баспасөз хатшысы Сәкен Қалмақанов сиыр етінің одан арзан екеніне дәлелдер келтірді.

Елбасының партия съезінде тағам құнын айтқаннан кейін блогерлер оның растығын анықтай бастады. Мемлекет басшысы ет бағасын өз көзімен көріп қайтқанын және сиыр етінің былтырғы жылмен салыстырғанда арзандап, келісі 1150 теңге болғанын айтқан болатын.

“Елбасы сиыр еті 1150 теңге тұрады деп еді, ол шындығында базарда1300 теңгеден екен. Сондай-ақ, жылқы еті 1400 теңге деп еді, ол 1500 теңгеге сатылып жатыр”, – дейді Сырым Абдрахманов.

Блогер желіде көтерген бұл мәселе қызу талқыланып, соңы дауға ұласты. Ауылшаруашылық министрлігінің баспасөз хатшысы Сәкен Қалмақанов Астана базарында еттердің елбасы айтқан бағалардан да төмен бағада сатылып жатқанын айтты.

“Бұл бағалар тіпті елбасымыз айтқан бағалардан да арзан. Оның қасындағы көкөністер де төмен бағамен сатылып жатыр. Картоптың келісі – 65 теңге, сәбіз – 70 теңге, пияз – 65 теңге тұрады”, – дейді Сәкен Қалмақанов.

Біз мұның анық-қанығын білмек болып тек Астана ғана емес, өзге де қалалардағы ет бағасын салыстырып көрдік. Етті ең төмен бағада Қостанайдан алуға болады екен. Мұнда сиыр еті 850 теңге, жылқы еті – 1100. Одан кейін Астана, Өскемен қалаларын айтуға болады. Ал, Қарағанды, Павлодар, Ақтауда сиыр етінің келісіне кем дегенде 1200 теңге төлеуге тура келеді. Оның өзінде еттің сапасына қарап аласыз.

Ал, Астананың ет сататын нүктелерінде ет бағасы әр түрлі болып келеді. Ол сауда орнының жағдайы мен жалдау құнына байланысты екен. Саудагерлердің бағаны қалай белгілегенімен, таңдау еркі сатып алушының өз еркінде.

 

Талқылау