Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада полиция қызметкерлері төбелесіп қалды. Олар қызметінен қуылды (видео)

Астанада полиция қызметкерлері төбелес шығарды. Осыдан кейін бес полицей ішкі істер органдарынан қуылды, деп хабарлайды елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Астанада полиция қызметкерлері төбелесіп қалды. Олар қызметінен қуылды

Желіде полиция қызметкерлерінің төбелескен сәтінің видеосы тарап кетті. Осыдан кейін қызметтік тексеріс жүргізіліп, төбелеске қатысқандарды қызметінен қуу туралы шешім қабылданды.

«Тексеріс нәтижесі бойынша жол-патрульдік полициясының рота командирі қызметінен босатылды. Жол-патрульдік полиция басшылығы қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Төбелеске қатысқан 5 адам: екеуі полицияның учаскелік инспекторы және үшеуі жол-патрульдік полиция қызметкерлері ішкі істер органдарынан қуылды» , - дейді департаменттегілер. 

 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр