Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада полицейлер қызметтік көлігімен екі баланы қағып кетті

20 шілде күні Астанада Сейфуллин мен Рахымов көшелерінің қиылысында патрульдік автокөлік мінген полицейлер велосипед айдаған мектеп оқушысы мен оған мінгескен тағы бір баланы қағып кетті.

Астанада полицейлер қызметтік көлігімен екі баланы қағып кетті

Бұл туралы Астана қаласы ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Сейфуллин және Рахымов көшелерінің қиылысында патрульдік полиция көлігі мен велосипедшінің қатысуымен болған жол-көлік апатына қатысты анықтау шаралары жүргізілуде. Астанада орын алған жол-көлік оқиғасы елордалық полицияның бейнекамераларына түсіп қалған.

Велосипедті артына 9 жасар баланы мінгестірген 12 жастағы жасөспірім айдаған. Балалар жаяу жүргіншілерге арналған жол бөлігінен өтіп бара жатқан кезде оларды патрульдік полиция көлігі қағып кеткен.

Абырой болғанда, жол апатынан ешкім зардап шеккен жоқ. Балалар медициналық мекемеге жүгінбеген.

Ал, патрульдік көліктің жүргізушісіне қатысты процессуалды құжаттар толтырылды. Құжаттар процессуалды шешім қабылдау үшін Астананың әкімшілік полиция басқармасына жіберілді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау