Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада полицейлер автобусты тоқтатып жарылғыш зат іздеді

Елорданың тәртіп сақшылары 51 бағыттағы автобустарды тоқтатып, тексеріп жатыр. Жаңа ғана бірнеше патруль Орынбор көшесі бойымен орналасқан Министрліктер үйінің алдында аталған бағыттағы автобустардың біреуін тоқтатты. Іле-шала саперлер келіп, автобусты толығымен тексеріп шықты.

20161028152658

20161028152635

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Автобус жүргізушінің айтуынша, ол ережені бұзған жоқ. Алайда Министрліктер үйі алдымен өтіп бара жатқанда жол-патрульдік полиция көлігі артынан ілесіп, тоқтауға белгі берді. «Тәртіп сақшылары бірден салонда отырған жолаушыларды тексеруге кірісті. Ішінен сақалы бар бірнеше адамды ұстап, құжаттарын тексеріп жатқанын байқап қалдық. Осыдан кейін арнайы құрылғылары бар саперлар автобусты сыртынан да, ішінен де толығымен тексеріп шықты. Ештеңе таппағаннан кейін ары қарай жүруге рұқсат берді», – дейді ол.

Автобусты тексеру кезінде тәртіп сақшылары адамдарға ығыстырып, алыс тұруды талап еткен. Осы жерге келген басшылар да оқиғаның мән-жайын түсіндірген жоқ.

«Бізге ақпарат түсті. Соны тексеріп жатырмыз», – деп қысқа ғана жауап берді.

 

Талқылау