Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астаналық полицей Қытай келіншек жоғалтқан алтын білезікті тауып алды

Елордалық полицейлер Қытай азаматшасы сауда ойын-сауық орталығында жоғалтып алған қымбат зергерлік бұйымын тауып, қайтарып берді.

2604567

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

25 маусымда шамамен сағат 13.00-де полицей ойын-сауық орталығының аумағында чек көрсетілген қымбат әшекей бұйымдар мен сертификат тауып алған. Полицейлер жүргізген жедел іздестіру жұмыстары барысында қымбат бұйымның иесі табылды. Ол Қытай Халық Республикасының азаматшасы болып шықты.

Әйел қымбат әшекейлерін таңғы уақытта MEGA Silk Way орталығында сатып алып, өзінің мұқиятсыздығынан жоғалтып алған. Қажетті процессуалдық шешімдер жүргізілген соң қымбат бұйымдар иесіне қайтарылып, азаматша полицейлерге шексіз алғысын білдірді.

Астанада 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында ЭКСПО-2017 көрмесі өтіп, оған көптеп шетелдік қонақтар келіп жатыр.

Оқи отырыңыз:

Атыраулық жігіт кейіпкерлерге пародия жасап, жұртты күлкіге қарық қылды (видео)

Бердібек Сапарбаев əке-шешесінің несиесі мойындарына ілінген жетім балаларға көм­ектесуге уəде берді

Өзбекстан қазағы: Жағдайымыз жақсы, сондықтан Қазақстанға келуге асықпаймыз

Нью-Йоркте гей-шеруге қатысушылар неліктен қазақша киініп, Қазақстан туын ұстап жүрді

Талқылау