Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада полицей көпқабатты үйден құлап кете жаздаған баланы құтқарып қалды

Астанадағы жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторы Дилшад Тойшыбаев 10-шы қабаттан құлап кете жаздаған баланы құтқарып қалды. Бұл туралы Астана қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

okno_2

Сурет gazeta.caravan.kz

Жедел басқару орталығына Сарыарқа көшесі бойындағы үйлердің бірінде 4-5 жастағы баланың 10-шы қабатта терезе алдындағы тақтайшада тұрғаны хабарланады. Шақыруға жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторы Дилшад Тойшыбаев дереу жетеді.

“Оқиға орнына жетіп 10-шы қабатқа көтеріліп есікті қағады. Бақытқа орай, қыз ішке кіріп, есікке қарай жүгірген. Полицей жабық есік арқылы баланы алдандырып, көп ұзамай анаң келеді деп сабырға шақырған. Осы уақытта төтенше жағдай қызметі өкілдері де жетіп, пәтерге терезе арқылы кірген”, – делінген хабарламада.

Полицейлер сәбидің ата-анасымен де хабарласып, қызды олардың қолдарына табыстады. Сондай-ақ, учаскелік инспектор баланың ата-анасымен профилактикалық кеңес өткізді. Құтқарылған баланың ата-анасынан инспектор Тойшыбаевтың атына алғыс келіп түсті.

Полицияның мәліметінше, бұл осы жыл бойынша биік қабаттан құлап кетуден құтқарылған үшінші бала екен.

Талқылау