Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада перинаталдық орталықтың бас дәрігері 4 әйелдің өлімінен кейін жұмысынан босатылды

Астанадағы №1 қалалық перинаталдық орталықтың бас дәрігері 4 босанушы әйелдің өлімінен кейін орнынан кетті. Елордадағы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыровтың мәліметінше, бесінші өлім жағдайы 1 қыркүйекте тіркелген.

Астанада перинаталдық орталықтың бас дәрігері 4 әйелдің өлімінен кейін жұмысынан босатылды

Сурет: AFP 2018 / ED JONES

Алдын ала болжам бойынша, босанушы әйелге «Қағанақ суының эмболиясы» диагнозы қойылған. Әйелдің өліміне байланысты қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі.

«№1 перинаталдық орталықтың бас дәрігері қызметінен босатылды. Перзентхананы жабуды жоспарлап отырғанымыз жоқ. Бұған дейін перинаталдық орталықта инфекция бар-жоғын анықтау үшін, эпидемиологиялық зерттеу жүргізілген еді. Сараптамалар мен тексерістер барлығы дұрыс екенін көрсетті. Сондықтан перзентхана өз жұмысын жалғастырады», – дейді қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Сонымен қатар Надыров қалалық әкімдіктің №1 перинаталдық орталық пен №2 қалалық аурухананы біріктіру туралы шешім шығарғанын мәлімдеді. Мамандардың сөзінше, бұл реанимациялық процедураларды жүргізу уақытын қысқартып, аман қалған пациенттер санын арттыруға мүмкіндік береді.

Естеріңізге сала кетсек, 1 қыркүйекте Астанада тағы бір әйел босанып жатып көз жұмды. Артынша дәрігерлер босанушы әйелдің өлімінің себебін айтқан еді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау