Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада патрульдік полиция өкілдері екіқабат әйелдің өмірін құтқарып қалды

Ақмола облысынан шыққан патрулдік полиция өкілі екіқабат әйелді перзентханаға аман-есен жеткізген.

10888249

Астана қалалық ІІД қарайтын жол-патрулдік полиция полкының инспекторы жас босанған әйелдің өмірін құтқара алды. Ол әйелді дер уақытында ауруханаға жеткізіп үлгерген. Бұл туралы Астана қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

“Полицейлер жас ананы перзентханаға жеткізуге үлкен үлес қосты”, – делінген хабарламада.

26 қаңтар күні түнгі 3-тер шамасында Бөгенбай батыр ауданы аумағында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қадағалап жүрген Астана қалалық ІІД ЖПП полкының полицейлері Бекзат Айдаров пен Асхат Қасымовқа жеңіл көліктің иесі келіп өтініш білдіреді.

Ер адам әпкесінің жол бойында толғағы басталғанын айтып, оны дереу ауруханаға жеткізу керектігін айтады. Олар Ақмола облысынан келгендіктен қала ішіндегі жолдарды білмейді екен. Осыдан кейін кіші сержант Айдаров пен оның әріптесі болашақ ананы дереу межелі жерге жеткізуге күш салады.

“Әйел сәтті босанды. Ол өзінің үшінші сәбиін өмірге алып келіп отыр. Ата-анасы оған Вероника деп ат қойған. Сәбидің салмағы 3,5 келі. Медициналық қызметкерлер жас ананың өмірін санаулы минуттар ғана құтқарып қалғанын айтады”, – делінген баспасөз баянында.

Перзентханадан шыққан 37 жастағы Александра Карасаева өзінің ағасымен бірге өміріндегі аса маңызды сәтте қол ұшын созып, аянбай көмек берген полицейлерге үлкен алғысын білдірді.

Талқылау