Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Делдал Астана пәтерлеріндегі елес туралы айтып берді

Астаналық делдалдық компаниялардың бірі ерекше қызмет түрін ұсынып отыр. Клиенттің қалауымен ол бөгде пәтердің ішінде қорқынышты елестердің бар-жоғын анықтап береді.

1334209490_prizrak-uk

сурет altaynews.kz сайтынан алынды

Бұл туралы Эспресс К басылымы хабарлайды.

Асхат есімді қызметкердің айтуынша, жұмыс базасы құрылғаннан бергі екі жыл ішінде “жаман пәтерлер” тек оның ғана емес, жалпы ұжымның мақтанышы екен. Әрі бұл үлкен қаржылық құпия болып та есептеледі. Оның ойынша, бәсекелестер мұндай эзотериялық тұрғын үйлердің сенімділігін жете бағаламайды.

“Барлығы бірде мен тапсырмақ болған пәтерден басталды. Керемет аудан, евромент, бағасы орташа пәтерді клиенттер ай сайын ауыстыра берді. Ортадағы делдал ретінде маған бәрібір еді, бірақ адами тұрғыдан қызығып сол үйде тұрғандардан не нәрсенің жақпай жатқанын сұрадым. Сосын барып, бұл пәтерде бұрын нашақор адамның тұрғаны, кейін оның өз досын өлтіргені белгілі болды”, – дейді Асхат.

Сол кезден бері қызыққұмар кәсіпкер қорқынышты елестер болуы мүмкін деген Астана қаласындағы аудандардың картасын анықтайды.

“Мен пәтерлерін тапсырарда қай үйлерде қожайынның жеңілдік жасайтынын біліп тұрамын. Өйткені, үйлерінің таза емес, басқа да кемшіліктері бар екенін олар өздері де біледі. Сосын мен өз клиентіме артық шығынсыз әрі жақсы пәтер тауып бере алатыныма кепілдік беремін. Ал, әсіресе оңтүстіктен келген жаңа тұрғындардың көбісі дәл осы мәселеге келгенде кінәрәтшыл. Әрине, оларды көбісі ырымшыл деп жатады. Алайда, мен оларды түсінуге тырысамын”, – дейді делдал.

Талқылау