Астанада өзін пышақтаған тәжік азаматы көпірден секіріп өлмек болды (фото, видео)

Сәрсенбі, 27 Сәуір , 2016 17:23

Тәжік азаматы Астанадағы Есіл өзені арқылы өтетін көпірдің аспалы арқалығына шығып, секіріп кетуге әрекеттенді.

e282bea701beb16a888f38603bc1e687

Бұл туралы Bnews.kz хабарлайды.

Есіл арқылы өтетін көпірдің арқалығына мініп алған азамат ары-бері өткен көлік жүргізушілерінің де, жаяу жүргіншілердің де назарына тез ілікті. Кеудесін жалаңаштап тастаған, жалаң аяқ. Қолында пышағы бар. Өзінің осы әрекетінің ешқандайда әзіл немесе жай ғана қорқыту емесін білдіру үшін кеудесін тілгілеп тастаған. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар мен полиция қызметкерлеріне ешқандайда түсінік бермей, тек қана Тәжікстанның Қазақстандағы елшісінің келуін талап етті.

Безымянный

Шамамен 1 сағатқа жуық уақытта көпірдің үстіне Тәжікстан елшісінің кеңесшісі Равшан Бобохонов келді. Кеңесшімен екеуарадағы әңгімеде көпірге шығып алған азаматтың 1980 жылы туған Абдуллах Рузиев деген Тәжікстанның азаматы екені мәлім болды.

«Мен бейбітшілікті қалаймын. Мен осылай істемесем, мені ешкім естімейді. Осы қадамға баруға мәжбүр болдым. Маған қастандық істемек болды», – дейді Абдуллах Рузиев.

Алайда, Рузиев нақты кімдердің қастандық істемек болғанын айтпады. Өзіне қатысты нақты ақпаратты және өзінің талабын тек елшіге айтатынын мәлімдеді. Елшінің кеңесшісімен болған келіссөздерден кейін, Абдуллах Рузиев райынан қайтып, көпірдің арқалығынан түсті. Мәселенің мән-жайын анықтау үшін Рузиевті Тәжікстанның елшілігіне алып кетті.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар