Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада өзіне тиесілі аумақты тазаламаған 11 кафе мен мейрамхана иесіне айыппұл салынды

“Полицейлер жүргізген екі күндік профилактикалық шара нәтижесінде тиесілі аумақты уақытында тазаламағаны үшін ҚР әкімшілік құқықбұзушылық заңының 505 бабы, 1 бөліміне сәйкес 11 кафе мен мейрамхана иесіне 376 580 теңге көлемінде айып тағылды.

1012aa01-5ba7-46e4-ad75-f23463fa6afc

 

Кафе мен мейрамхана иелеріне өздеріне тиесілі аумақты тазалап, қар мен мқзды уақытылы шығарып тұру жайында 120 қағаз жүзіндегі келісім жасалған болатын”, – деді Астана қаласының ІІД ӘПБ төраға орынбасары Игорь Горбунов.

Астанада ІІД-нің табиғатты қорғау полицейлері Шағын және орта бизнес объектілеріне, қала базарларына тиесілі аумақтарға қатысты кезекті іс-шаралар қолданып келеді.

Горбуновтың айтуынша, полицейлер күн сайын қызметкерлерге ескерт жасайды және құқықбұзушылыққа қатысты әкімшілік айып салады.

Биылғы жылы аумақты уақыты тазаламау салдарынан 42 кәсіпкерге 1,5 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ, жеке тұлғаларға қатысты 300 адамға айып тағылған.

Талқылау