Туыстары бас тартқан: Астанада өз бетінше жүріп-тұрудан қалған мүгедек қария көпшіліктен көмек сұрауда

Астанада көзі көруден, аяғы жүруден қалған 70 жастағы қария жалғыз өзі өлместің күнін кешуде. Туыстары бас тартқан зейнеткер бүгінде көмекке мұқтаж. Аққұбай Байғазиев қала шетіндегі қаңырап қалған үйде жападан-жалғыз қалған. Көз жанары көрмейтін зейнеткер бірер жыл бұрын оң аяғынан айырылып, қазір мүлде жүре алмай қалыпты. Шұғыл емделмесе, екінші аяғын да кестіруіне тура келетін көрінеді.

Астанада өз бетінше жүріп-тұра алмай қалған мүгедек қария көпшіліктен көмек сұрауда

Сурет: Алматы арнасы түсірген бейнематериалдан скриншот жасап алынды

Туыстары бас тартқан қарияның жағдайы туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлады.

Аққұбай ақсақал қабырғасы қақырап қалған үйде жападан-жалғыз тіршілік етіп келеді. Тіршілік дегені, өлместің күні. Айтуынша, соңғы жылы мүлде далаға шығып, серуен құрмаған. Дәрігерлер оң аяғын дендеген ісіктен құтқару үшін кескен екен. Енді ол кеселі екінші аяғына ауысыпты. Оған қоса, 25 жыл дәнекерлеуші болып жұмыс істеген қария қазір толықтай көз жанарынан да айырылған. Өз бетінше жүріп-тұра алмай қалған қария көпшіліктен көмек сұрайды.

“Қарттар үйіне” алса екен. Туыстарым менен безген. Ешкімге керек емеспін. Достарымның қатары азайып, көзі тірілері мен сияқты дертке шалдыққан. Жата-жата жүрегім сыр бере бастады. Дұрыс тамақтана да ала алмаймын” – дейді зейнеткер Аққұбай Байғазиев.

Зейнеткер қос перзентінен күдер үзген. Ең соңғы рет олар әкесінің халін қашан сұрап келгені ақсақалдың есінде жоқ. Алқам-салқам, от жағылмайтын үйде қарияның қыстан қалай аман шыққанына көршілері таң қалады. Олардың айтуынша, мүгедек жанға көмек көрсетілмесе, алдағы қаһарлы қыстан зейнеткердің аман қалуы екі талай.

«Бұл кісіні қолымнан келгенше жуындырып, тамақтандырамын. Үйдің жағдайын көріп тұрсыздар. Бүгін-ертең бұл кісіні басып қалуы мүмкін. Келген сайын үйді жинастырып кетемін. Көзі көрмегесін, қолы жетсін деп, тамақты жақын қойып кетем. Үйде тышқандар мен егеуқұйрықтар көбейген» – дейді көршісі Қалима Жолдыбаева.

Қалима Жалдыбаева тағдыры тауқыметін тартқан азаматқа мекен-жайына қарасты емхана мамандарының да келмей кеткенін айтады. Ал қалалық Әлеуметтік қорғау басқармасының мамандары тиісті көмекті еңбек демалысына кеткен басшылықтың келісімінсіз көрсете алмаймыз деп ақталды. Ал ешкімге керексіз болып қалған қария қарттар үйін паналауды қалап, құзырлы органдардан көмек сұрап отыр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
21.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар