Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада отырып Алматыны шулатқан келіншек алты жылға абақтыға жабылуы мүмкін

Жұрт Тәуелсіздік мерекесін тойлап жатқанда 30 жастағы келіншек ішімдікке тойып алып, полицияға телефон шалады. Елордалық сақшылар жарылғыш зат туралы жалған ақпарат таратқан әйелді небары бір сағаттың ішінде қолға түсірді.

45037-INNERRESIZED600-700-arest

Сөйтіп, «Алматыда белгісіз біреулер үйінде бомба сақтап отыр және оны қаскөйлер қаладағы мектептердің бірінде жарып жібермек» деп хабарлаған. Полиция келіншек атаған мекен-жайға шұғыл жетіп, жіті тексеру жүргізді. Бірнеше баспананың тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді. Алайда, абырой болғанда, ешқандай да бомба табылмаған. Бүкіл  қаланы дүрліктіріп, сақшыларды әуреге салған әйел Астанада тұрады екен. Өзі есін білмейді, удай мас. Айтуынша, осы әрекеті арқылы бір танысынан кек алғысы келген көрінеді. Қазір күдікті уақытша ұстау қапасында отыр.

Талқылау