Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада өткен айтыстың бас жүлдесі оралдық ақынға бұйырды

Бүгін елордада қала күніне арналған “Мыңжылдықтар тоғысындағы Астана” көшпелілер өркениеті фестивалі аясында осымен 9-рет өткізілген республикалық ақындар айтысы өз мәресіне жетті.

ееее

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Қазылар алқасы үздіктерді таңдауда айтыскерлердің түрлі жанрларда айтқан өлең жолдарына баса мән берді. Осындай сыннан сүрінбей өткен Оралдан келген ақын Бауыржан Шимердин бас жүлдені жеңіп алды.

Ал ақтөбелік айтыскер ақын Ершат Қайболдин бірінші орынды иеленсе, екінші орынға екі бірдей ақын лайық деп танылды. Олар – шымкенттік Дәурен Ақсақалов пен қызылордалық Ержан Әміров.

Үздік үштікке бірден төрт ақын ие болды. Олар – түркістандық Тұрар Тілеулиев, тараздық Аруна Керімбек, алматылық Аялым Жұмабек және ақтөбелік Марат Ахметовтар.

Талқылау