Астанада өрттен 5 адам зардап шекті

Астана қаласында өрт болып, оның салдарынан 5 адам зардап шекті. Жарақат алғандар ауруханаға жеткізілді.

Астанадағы өрттен 5 адам зардап шекті

Бұқар жырау көшесінде «Камал-4» тұрғын үй кешенінде өрттің нәтижесінде он адам зардап шекті, оның бесеуі ауруханаға жатқызылды, деп хабарлады Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті.

Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, барлық ауруханаға жатқызылған науқастар орташа ауырлықтағы көміртек тотығымен уланған.

Еске салайық, өрт 28 ақпан күні үшінші қабаттағы пәтерден басталды. Осыдан соң жалын балконды шарпыған. Сағат 23.00-ге дейін оқиға орнына келген өрт сөндірушілер тілсіз жауды ауыздықтады.

Тұрғындардың көпшілігі ғимараттан өздері шықты. Құтқарушылар көшеге 25 адам, оның ішінде он бала шығарды. Оқиға орнына дәрігерлер келіп, өтініш білдірген адамдарды тексерді. Зардап шеккен 5 адам ауруханаға жатқызылды.

Өрт сөндіру үшін 23 қызметкер мен 5 өрт сөндіру техникасы тартылды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр