Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада онкологиялық ауруға шалдыққан бойжеткенге тұтқындалған ағасының көмегі керек

Қостанай облысының тұрғыны Жұлдыз Арыстановаға миелобластық лейкоз диагнозы қойылған. Нұрлан Арыстанов — қарындасының жалғыз доноры. Алайда, қыркүйек айында ауыр қылмыс жасағаны үшін тұтқындалған. Бұл туралы Қазақпаратқа сілтеме жасап, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды

Науқас қыздың анасы қылмыстық істер жөніндегі Арнайы аудан аралық сотқа өтініш білдірді. Сот Еңлік Сералин өз шешімін шығарды.

“Қауіп-қатердің деңгейін анықтай отырып, науқас Жұлдыз Арыстановаға сүйек кемігінің трансплантациясы қажет екені анықталды. Жоғарыда айтылған мәліметті негізге алып, сот тұтқындалған Нұрлан Арыстановты 19 желтоқсан күні Астана қаласындағы онкология мен трансплантологияның Ұлттық орталығына жіберу туралы шешім шығарды”, — деп хабарлады сот.

Осыған дейін оның ағасы донорлық көмек көрсету үшін Астанаға келген еді. Бірақ Ұлттық ғылыми онкология және трансплантология орталығының анықтауы бойынша, ер адам С гепатитімен ауырып қалған. Нұрлан Арыстановтың ауруын дәрігерлер де, жанұясы да білген. Сосын науқастың жақындарына адам ауырғанда кемікті ауыстырып салуға кеңес берілмейтіні айтылды.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр