Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада оқушылар өзбеттерімен жемқорлықпен күресе бастады

Астанада мектеп оқушылары өздеріне президент сайлап алып, министр мен прокурорларға дейін тағайындалды.

Астана қаласы бойынша ІІД баспасөз қызметі оқушылар арасындағы қылмыс санын азайту мақсатында әр мектептің өз прокуроры бар,- деп хабарлады.

Құқықтық орган берген ақпаратқа сай «жасөспірімдер арасындағы қылмысты модернизациялау прафилактикасы» атты жоба жүзеге асуда екен. Мұнда үлгілі оқушылар тәртібі қауіпті балалармен өз-ара жұмыс жасайды.

«Бұл жоба қаладағы № 34 мектепте тәжірибеден өтіп жатыр. Себеі осы оқу орнында жылына 8-ге жуық қылмыс болатын Қазір мектепте мұндай тәртіпсіздік атымен жоқ. Жылда болатын қылмысты оқушылардың өздері жойды. Олар президентті де өздері сайлайды, түрлі бағыт бойынша министрді де өздері таңдап алған. Мысалы мектепте спорт, Ішкі істер министрлігі бар»,-делінген қалалаық прокуратура жолдаған хатта.

Әрине мұнда ішкі заңды шығарып, түзетіп отыратын орган мен прокуратура да бар. Олар тәртіпсіздікті талқылап, алдын алу, жазалау сынды шешімдер қабылдайды. Тәртіп сақшылары былапыт сөз айтқан оқушыны өлең жолдарын жаттату, қабырға басылымын шығару сынды жұмыстарға жегеді.

Мұндай бастаманы Назарбаев университетінің профессоры Ф.Я Вассерман ұсынған. Қазір бұл бастама қаладағы 25 білім мекемесінде қолданыста. 30 мыңға жуық оқушы осы жобаның басқару мүшелігінде.

Оқи отырыңыз:

Гүлзира Айдарбекова ұлының концертінде егіз қыздардың тұсауын кесті (видео)

Қайрат Нұртас жары Жұлдызбен бірге ән шырқады (видео)

Египетте іш киіммен клипке түскен әнші тұтқынға алынды

Жанар Айжанова: Сақалдылардың уағызы жаттанды, өздері біртүрлі адамдар

 

Талқылау