Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада оқушы қызға тиіскен жігіт ізделуде

Астаналықтарды сақ болуға шақырады – үйдің кіреберісінде 14 жастағы қызға  тиіскен ер адамды полиция іздестіруде, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Астанада оқушы қызға тиіскен жігіт ізделуде

Астана қаласының тұрғыны Оксана Меньшикова Фейсбук желісіндегі «Астана, хочу похвалить/пожаловаться» тобында өзінің 14 жастағы оқушы қызына ересек ер адамның тиіскені жайлы хабарлаған. Аталған оқиға 1 қыркүйек күні орын алған. Анасының айтуы бойынша, мектептен қайтып келе жатқан қызына ер адам жақындап, танысуға ұсыныс жасап және мектепте оқитыны туралы сұраған.

«Қызымның «мектепте оқимын және ешкіммен таныстпаймын» деген жауабына қарамастан қасынан кетпей баламның есімін сұрап, телефон нөмерін беруді өтінген. Қызым оған тиіспеуін сұрап тез жүре бастаған. Алайда ер адам оның артынан қуып келіп, үйдің кіреберісіне кіріп кеткен қызымның артынан жүріп, жедел сатыға кіргенінде оның есігін жабуға мүмкіндік бермеген. Бақытымызға орай, осы сәтте кіреберіске көрші әйел келген соң әлгі еркек кеткен», – деп жазған жәбірленуші қыздың анасы.

Астанада оқушы қызға тиіскен жігіт ізделуде

Сонымен қатар, Оксана полиция бөлімшесіне шағым түсіргенін және бейнебақылау камераларына түскен жігіттің суреттерін алғанын жазады.

«Полиция қызметкерлері күдіктіні міндетті түрде табады деп сенемін. Ал біз қызымызды бұл жағдайдан кейін өзін-өзі қорғау курстарына қатыстыратын болып шештік. Және осындай оқиға қайталанған жағдайда қандай әрекеттер жасау керектігін күнделікті айтып жүрміз», – деп сөзін аяқтаған Оксана Меньшикова.

Stan.kz тілшісі Астана қалалық ІІД-не жіберген ресми сауалдың жауабы бойынша, қазіргі таңда полиция қызметкерлерімен мән-жайды анықтау үшін күдікті ер адамды іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.
Сонымен қатар, ІІД өкілдері қазақстандықтардан ер адамды табуға көмек берулерін өтінеді. Және ол туралы белгілі бір ақпарат білген жағдайда 87172716571, 716563 телефон нөмерлеріне немесе 102-ге хабарласуларын сұрайды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

 

 

Талқылау