Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада оқушы қыз көптің көзінше биіктен секіріп өлмек болды

Астанада жантүршігерлік оқиға! 16 жастағы қыз көптің көзінше 8 қабатты үйдің шатырынан секіріп өлмек болды,- деп хабарлайды ктк арнасы.

Снимок экрана (41)

 
Жанұшыра айқайлап жылаған қыз шатырдың үстінде бірнеше минут бойы әрлі-бері жүріп секіруге оқталды. Алдымен 10-шы сынып оқушысын бір жігіт райынан қайтармақ болғанымен, онысынан түк шыққан жоқ. Кейін оған досы қосылып, екеулеп жүріп бойжеткенді суицид жасамауға көндірген. Сөйтіп жұртты дүрліктірген жасөспірім өз еркімен төменге түсті. Оқушы қыздың мұндай жантүршігерлік әрекетке баруына жауапсыз махаббат не мектептегі емтихан себеп болуы мүмкін.

Талқылау