Астанада “ОК” белгісін көрсеткен қол пайда болды (фото)
Астана көшелерінде “ОК” деген белгіні көрсеткен үлкен қол, сонымен қатар өзге де хромдалған фигуралар пайда болды.
Бұл туралы Сарыарқа ауданының әкімі Арман Тұрлыбек Фейсбуктегі парақшасында жазды.
“Біз мерекелік көңіл-күй жасауды жалғастырып, елорда күніне жаңа хромдалған көркем инсталяциялар орнаттық. Осындай кіші архитектуралық пішіндер көшелерімізді жарқын әрі жанды етеді”, — деп хабарлады Сарыарқа ауданының әкімі.
Сондай-ақ, жаңадан жасалған көркі көз тартатын қола мүсіндерді қаланың оң жағалауынан да кезіктіруге болады.
Ал жалпы Сарыарқа ауданы бойынша соңғы екі ай көлемінде 100-ден астам инсталяциялар орнатылған.
Оқи отырыңыз:
Шымкенттік 50 градус ыстықта отсыз жұмыртқа қуырды (видео)
Қостанайда қару дайындайтын жасырын цех əшкереленді
ЭКСПО-ға миллионыншы болып билет сатып алған азамат көрмені тамашалады
Қарағандыда белгісіз біреулер ауру әйелді жұмысқа салып, мазақ етіп келген (фото)