Астанада Назарбаевтың сүйікті әндерін орындаудан сайыс өтті

Дүйсенбі, 27 Қараша , 2017 22:50

Астанада президенттің сүйікті әндерін құйқылжыта орындайтын үздік жас талант анықталды. Байқауда Нұрсұлтан Назарбаев сөзін жазған «Елім менің» әнін елден ерекше шырқаған  қостанайлық Темірлан Самұратов топ жарды, – деп хабарлайды КТК арнасы.

12 жастағы Темірланды ата-анасы мен ұстаздары байқауға айлап дайындапты. Елбасының «Елім менің» әні жаныма жақын болғандықтан, қазылардың алдында да еркін орындадым дейді жас әнші. Жалпы, «Көңілдің асыл пернесі: Нұрсұлтан Назарбаевтың ән шығармашылығы» атты республикалық мектеп оқушылары арасындағы конкусқа 12 мен 18 жас аралығындағы 30 өнерпаз қатысты. Үміткерлер президенттің сөзіне жазылған әндерді шырқады және мемлекет басшысының сүйікті өлеңдерін нақышына келтіріп оқыды. Бұл байқау үш жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Конкурсты ұйымдасытрушы Тұңғыш Президент Қорының басты мақсаты –  талантты жасөспірімдерге қолдау көрсету, шәкірттерге рухани тәрбие беру.  Ал қазылар алқасынының қатарында белгілі сазгер, ақын, әншілер болды.

«Бұл конкурс ән конкурсы болғаннан кейін ән, репертуар таңдауына байланысты.  Ең бастысы баланың даусына қарап, сахнада тұрған келбетін, киген киімін, сырт белгілерін, соның бәрін қадағалап, бір шешімге келдік», – дейді қазылар алқасының мүшесі Мейір Бәйнеш.

Оқи отырыңыз:

«Алматы тауэрстегі» өліммен аяқталған алапат өртке қатысты жаңа деректер шықты

Тараздағы ауруханада дәрігер емделуге келген науқасты ұрып тастаған

Маңғыстауда болған жантүршігерлік апатқа қатысты теміржол өткелінің кезекшісі қамауға алынды

Қазақстанда анықтамаларды смс арқылы беретін болды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
17.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар