Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада науқастың еміне жиналған ақшаны белгісіз біреу ұрлап кетті (видео)

Астанада 32 жастағы Гүлдана Құрманғалиеваның еміне жиналған қаржы ұрланды.

Ұрының ақша толы жәшікті алып бара жатқан сәті камераға түсіп қалды, деп жазады Sputnik.

«11 тамызда қайырымылық концертінен қаражат жинадық. Ол құрбым Гүлдананың еміне керек еді. Оның бауырын ауыстыру керек болған. Ота Үндістанда жасалуы тиіс еді. Оның емі үшін Burger Shop мейрамханасына жәшік орнатылған. Жәшікті бір аптадан соң алып кетуіміз керек едік. Алайда 13 тамыз күні оны ұрлап кетті. Ешкім жоқ сәтті пайдаланған ұры камераға түсіп қалды. Жәшікте қанша ақша болғаны белгісіз», – дейді құбысы Алина Семізбаева.

Полицияға арыз жазылып, қазір ұрыны іздеп жатыр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау