Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада нағыз «Қазақ қызы» таңдалды (фото)

Астанада алғаш рет «Қазақ қызы» байқауы ұйымдастырылды. «Әйелдер – ұлт болашағы үшін» ҚБ елорда әкімдігінің қолдауымен өткізілген байқауда бірінші кезекте арудың тән сұлулығына емес, халқымыздың салт-дәстүрлері мен мәдени құндылықтарын жетік білуіне мән берілді, деп хабарлады ҚазАқпарат.

15095612_1860959080857683_7801083469692482972_n

«Қазақ қызы» байқауының ақтық сайысына 20 бойжеткен (125 арудың ішінен) жолдама алды. Сайыста 16 мен 29 жас аралығындағы сұлулар бақ сынасты.

«Қазақ халқының салт-дәстүрін білгенімен қатар, оларды күнделікті өмірде пайдалану керек. Мысалы, аспаздық. Қазіргі заманда қыздардың кейбірі ұлттық тағамды әзірлеу білмейді, біздің конкурс отбасылық дәстүрлерді жандандыруға және насихаттауға, адамгершілікке тәрбиелеуге, қыздар мен жас әйелдерді қаламыздың қоғамдық-саяси өміріне белсенді тартуға бағытталған», – дейді «Әйелдер – ұлт болашағы үшін» ҚБ басшысы Жанна Бороздина.

290517f8121b0f050d3bf31c91f

Арулар асты қаншалықты дәмді етіп әзірлей алатындарын, сондай-ақ, тігін тігу мен тоқыма тоқу өнерін қаншалықты жақсы меңгергендерін көрсетуге тырысты. Одан бөлек қалың көпшіліктің алдында өнерлерін паш етті.

15043602_1112618015504091_137076462527184896_n

Алдына жан салмаған Дана Еламанова нағыз «Қазақ қызы» атанса, «Инабатты қыз» аталымы Жанерке Тынышбаеваға бұйырды. Арайлым Советжан «Өнерлі қыз», Зумрат Қайроллаева «Ісмер», Айым Дәуіт «Зерделі», Гауһар Кішірбаева «Тіл шебері» аталымдары бойынша марапатталды.

c

Жіберіп алмаңыз:

Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі жандар арасында өткен сұлулық байқауының жеңімпазы анықталды (фото)

Павлодардағы сұлулық байқауында жеңген қыз Абайдың 150 өлеңін жатқа біледі (фото)

Нью-Йоркте Қазақстан туралы ән орындаған жерлесіміз американдықтарды тәнті етті (видео)

Әкесіне таласқан Майғазиевтың қыздары желі қолданушыларын сүйсінтті (фото)

 

Талқылау