Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада мемлекеттік қызметкерлерге баспана сатып алу үшін 1 миллион теңгеден берілетін болады

Астана қаласының бұрынғы әкімі Әсет Исекешев мемлекеттік қызметкерлерге баспана алу үшін қандай көмек көрсетуге ниетті екенін айтты.

Астанада мемлекеттік қызметкерлерге баспана сатып алу үшін 1 миллион теңгеден берілетін болады

Бұл туралы Исекешев Астана қаласының әкімі болып тұрған кезінде «Вечерняя Астана» газетіне берген сұхбатында айтқан, деп жазады Stan.kz.

Бас қаланың экс-әкімінің сөзінше, елордалық әкімдік қалалық қызметте жоғары білікті мамандар (мұғалімдер, дәрігерлер, полицейлер, өрт сөндірушілер және т.б.) корпусын құру үшін, бағдарлама әзірлеген.

«Міндетіміз – 1 миллион теңгелік тұрғын үй сертиификаттары арқылы адамдарға «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы баспана алуға көмектесу», – дейді Әсет Исекешев.

Сонымен қатар «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде» аздаған пайызбен 15 жылға ипотека рәсімдеуге болады деп топшыланып отыр.

«Алғашқы кезеңде біз 10 мың пәтер үлестіргіміз келеді. Ол алдағы уақытта 20 мыңға жетеді. Алайда қалалық қызметтерде 5-7 жыл жұмыс істеу керектігі туралы шарт қойылады», – дейді бас қаланың экс-әкімі.

Оның сөзінше, Астанада 9 мыңнан астам мұғалім жұмыс істеп жатыр. Олардың 5 мыңының өз пәтері жоқ.

«Біз мектептерді тұрғызамыз. Алдағы 5 жылда 5 мың білікті педагог қажет болады. Бұл полицейлер мен дәрігерлерге де қатысты жағдай», – дейді Әсет Исекешев.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау