Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада мемлекеттік көлік “зеріккеннен” жолдың қарсы бетімен жүрген

Астанада кептеліс кезінде жолдың қарсы бетімен жүрген көлік кімдікі деген сұрақ әлеуметтік желіде әлі қызу талқыланып жатыр. Алайда,  жол ережесін өрескел  бұзған мемлекеттік көлікті парламенттің шаруашылық басқармасы “біздікі емес” деп ат тонын ала қашқан.

image

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Мемлекеттік органға тиесілі екенін дәлелдейтін сериясы болса да, заң бұзғыш мерседестен президент істері басқармасы да бас тартып отыр. Алайда, электронды үкіметте жарияланған мемлекеттік көліктер тізімінде AV сериясы дәл осы президент істері басқармасына тиесілі делінген.

Естеріңізде болар, бейнені түсіруші жүргізушінің айтуынша, 085AV нөмірлі көлік кептелісте тұрудан зерігіп, қарсы бетке шығып айдаған. Мемлекеттік органға тиесілі мерседес алдынан шыққан көліктерге де қарамапты. Шағымын ішкі істер министрінің блогына жазған тұрғынға министр жүргізушінің жазаланғанын, 10 мың теңге айыппұл салынғанын айтқан.


Жіберіп алмаңыз:

Шымкент тұрғыны жол ережесін бұзған полицейлерді видеоға түсіріп алды

Қымбат нөмірлі көлік иелері жол ережесін қалай бұзады 

Қостанайда жол ережесін бұзған полицей жұмыстан қуылды

Жол ережесін бұзған алматылықтар мемлекетке 12 млрд теңге қарыз

Талқылау