Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада мемлекеттік кіріс департаментінің басшысы параны сертификат түрінде алған

Есіл аудандық соты «Астана қаласы бойынша мемлекеттік кіріс департаменті» РМК басшысына қатысты ҚР ҚК 366 бабы 2 бөлімінде қарастырылған қылмыстық істі қарады.

мемлекет

Астана қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, айыпталушы «Астана қаласы бойынша мемлекеттік кіріс департаменті» РМК басшысы бола тұра «LuxuryHauseAstana» сауда орталығынан 100 000 теңге көлемінде сертификат түрінде пара алған.

Бұл үшін ол «Қазтеміртранс» АҚ ҚҚС қайтарудың оңайлатылған тәртібін жүзеге асырып және қосымша декларация ұсынуға да жағдай туғызған.

Сот үкімімен сотталушы айыпты деп танылып, оған 6 000 000 теңге көлемінде айыппұл төлеу жазасы қолданылды. Сонымен бірге айыпталушының мүлкі тәркіленіп, ол өмір бойына мемлекеттік қызмет пен жергілікті басқару органдарында қызмет ету құқығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енді.

Талқылау