Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада мектепте өрт шығып, мыңдаған бала қауіпсіз жерге көшірілді

Астанада №61 орта мектепте өрттен екі мыңға жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді, олардың көпшілігі балалар.

Астанада мектепте өрт шығып мыңдаған бала қауіпсіз жерге көшірілді

Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

«Тәуелсіздік көшесінің бойында орналасқан №61 орта мектепте өрт шыққаны туралы хабар сенбіде сағат 13.56-да алынды. Аумағы 10 шаршы метр болатын бірінші қабаттағы бөлмеде жиһаз бен жеке заттар өртеніп кеткен»,- делінген хабарламада.

Он шаршы метр аумақты шарпыған өрт 14.11-де сөндірілді.

«Өрт сөндіру бөлімшесіне келгенге дейін мектеп әкімшілігі екі мыңға жуық адамды эвакуациялады, олардың көпшілігі балалар», – деп хабарлады баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, оқиға орнына дәрігерлер де келген. Абырой болғанда өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ. Төтенше жағдайды жоюға 15 өрт сөндіруші мен алты техника жұмылдырылды.

Төтенше жағдайлар комитеті балалардың өрт сөндірігеннен кейін бір сағаттан соң мектепке оралғанын атап өтті.

Қазір өрттің себебі анықталуда. Департаменттің мәліметі бойынша жалпы қауіпсіздік үшін ғимараттағы барлық адамдар эвакуацияланды.

Тағы оқыңыз: 

Қазақстандықтар Головкиннің жекпе-жегін көре алатын болды

Алматыда үш әйелді өлтірген қанішердің ісіне қатысты сот үкімі шықты

Ақтауға бағыт алған SCAT ұшағы Шымкентке қонуға мәжбүр болды

ШҚО-да тоңазытқыштан шыққан өрттің салдарынан 82 жастағы зейнеткер көз жұмды

 

Талқылау