Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада мектепке жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған ақпаратты 6-сынып оқушысы хабарлаған екен

Астанада мектепке жарылғыш зат қойылды деп қоңырау шалған  6-сынып оқушысы болып шықты.

images (1)

Астананың полицейлер жедел-іздестіру іс-шарасының барысында қала мектебінің бірінде жарылғыш заты қойылды деп қоңырау шалғанадамды тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Қоңырау шалған  6 сынып оқушысы екені анықталды. Мәселені анықтау барысында кәмелетке толмаған бала ата-аналарының алдында  өз әрекетін жасырмады.

Аталмыш факті сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізіліміне 273 бап (терроризм актісі туралы жалған ақпарат тарату) бойынша енгізілді. Оған қоса ҚР ҚК 144 (кәмелетке толмаған тәрбиелеуде міндеттерді орындамау) бабына сәйкес ата-аналарына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Ювеналдық полиция инспекторлары аталмыш фактілерге жол бермеу және оның салдарынан қандай жауапкершілікке тартылатындығы жайында профилактикалық әңгіме жүргізді.

Кеше сағат 15.00-де Астана қаласы ІІД Жедел басқару орталығына белгісіз адамнан № 27 мектеп ғимаратына жарылғыш заттың қойылғандығы жөнінде хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына Астана қаласы ІІД жедел тергеу тобы барды. Кинологиялық орталықтың қызметкерлері мен «Арлан» арнайы мақсаттағы бөлімінің техникалық мамандары мектеп ғимараты мен маңын тексерді.

Полиция қызметкерлері 900 адамды – оқушылар, мұғалімдер мен мектеп қызметкерлерін эвакуациялау  жұмыстарынжүргізді. Ғимаратты тексеру кезінде жарылғыш зат қойылған деген хабарлама жоққа шығарылды.

Талқылау