Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада мектеп мұғалімінен туберкулез ауруы анықталды

Астанада мектеп мұғалімінен туберкулез ауруының белгісі табылды. Сабақтардан шеттетілген мұғалім қазір ем қабылдап жатыр.

photo_185951

Бұл туралы “Астана” телеарнасы хабарлайды.

Оқу орнының басшылығы да өз қызметкерінің ауруға ұшырағанын растады. Олардың мәліметінше, мұғалім 5, 6 және 7 сыныптарға тарих пәнінен сабақ беріпті. Ал бұл сыныптардың барлығын қосқанда жүз шақты оқушы бар. Мұғалімнің ауруы туралы тамыз айында білгеннен кейін оны бірден шеттеткен.

“Мұғаліммен байланыста болғандардың барлығы кезекті медициналық тексерістен өтті. Жұмысқа рұқсат етілген ұстаздардың барлығында флюрография анықтамасы бар. Мұғалімдердің бәрінің дені сау. Ал 5,6,7 сыныптарынан екпе алынды”, – дейді №15 мектеп-лицей директорының оқу жөніндегі орынбасары Жанна Мұханова.

Елордадағы туберкулезге қарсы диспансер мұғалімдегі ауру туберкулездің аса қауіпті түрі емес екендігін айтты. Оған ем жасалғаннан кейін, қайта жұмысқа орналасуына мүмкіндік бар екен.

“Ол емнің толық курсын қабылдауы тиіс. Ол шамамен бір жарым жылға созылады. Сол уақыт өткен соң мәселені орталық дәрігерлер кеңесі шешіп, оның жұмысқа қайта оралуына қатысты рұқсатты қарастырады”, – деді диспансердің бас дәрігері Анна Цепка.

Талқылау