Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада мәйіті табылған Балдырған Сыбанбаеваның өліміне такси жүргізушісінің қатысы болуы мүмкін

Астанада түнгі клубтан шыққан соң, із-түзсіз жоғалып кеткен кәсіпкер әйелдің мәйіті табылды. 33 жастағы Балдырған Сыбанбаеваның  азаптап өлтірілгені анықталып отыр, – деп хабарлайды ктк арнасы.

2e76a359-2565-421b-9fd9-a83c3b7aa83d

Сауда-саттықпен айналысқан бизнесмен қыздың өлі денесі Елорда іргесіндегі орманнан табылған. Соған қарағанда, марқұмды қаланың шетіне шығарған азғын арам ойын іске асырып, артынан азаптап өлтірген болуы мүмкін. Жантүршігерлік қылмысты жасады деген басты күдікті – такси жүргізушісі. Өйткені, түнгі клубтан жалғыз шыққан Балдырған Сыбанбаева белгісіз көлікке отырған соң оны ешкім көрмеген. Қазір «адам өлтіру» бабы бойынша іс қозғалып, таксишіні табу үшін көшедегі барлық камералардың жазбасы тексеріліп жатыр.

Талқылау