Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада мас полицейдің кесірінен ірі жол апаты бола жаздады

Астанада ащы суға сылқия тойып алған полицейдің кесірінен тура ішкі істер министрлігі ғимаратының жанында сұмдық жол апаты бола жаздады. Удай мас күйде рөлге отырған майор жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, тура алдында келе жатқан  “Ниваға” соқтығысқан. Абырой болғанда темір тұлпардағы адамдар аман, – деп хабарлайды КТК арнасы.

image

Фото: fishki.net

Оқиға куәгері Павел Калашников мас майордың көлігінің кілтін тапсырған. Астана тұрғынының айтуынша, ішімдікке тойып алған сақшы дәл мына көшеде апат жасап, қашып кетуге тырысқан. Павел офицердің соңынан қуып жетіп, әрең  тоқтатыпты. Сөйтіп, спирттік ішімдіктен  есін әрең білетін сақшыны көлігінен сыртқа шығарып, кілтін тартып алған.

Дереу патрульдік полицейлерді шақырдым – дейді куәгер. Бірақ әріптестері полицейді тексеруге  алып кетудің орнына, мастығы тарқасын деп екі жарым сағат далада ұстап отырған. Кейін болған бұл  жағдайды жылы жауып қоюға тырысыпты.

“Түсінік алған соң, бізді бір-бірден  шақырып, ақша ұсынды. Мас майор: бала-шағам бар еді, оқиғаны көрмеген болыңыздаршы деп жалынды. Қасындағы офицерлер де үгіттеді. Мен келіспедім. Өйткені ол нағыз қылмыскер. Енді шынымен де жылы жауып қоймақ. Ішкі істер департаментіне барып, қайта шағымдандым”, – дейді оқиға куәгері Павел Калашников.


Жіберіп алмаңыз:

Ди Каприо жол-көлік апатына ұшырады

Семейде түнде көлік апатынан 5 жолаушы қаза тапты

Талдықорғанға жақын тас жолдағы көлік апатынан алты адам көз жұмды

Ақтауда мас күйінде көлік жүргізген ер адам жол апатын жасап қашып кеткен

Талқылау