Астанада маңызды істермен айналысатын аға тергеуші пара алу кезінде ұсталды (видео)

Астана қаласы МКД-нің экономикалық тергеу қызметінің офицері пара алды деп күдіктелуде. Пара алған МКД-нің экономикалық тергеу қызметінің ерекше маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі 11 тамызда ұсталды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Facebook парақшасына сілтеп.

Астанада маңызды істермен айналысатын аға тергеуші пара алу кезінде ұсталды (видео)

«11 тамызда Астана қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының қызметкерлері МКД-нің экономикалық тергеу қызметінің ерекше маңызды істер жөніндегі аға тергеушісінің пара алғанын әшекереледі. Күдікті 5 мың АҚШ доллары көлемінде заңсыз сыйақы алу кезінде ұсталды. Ол ЖШС директорынан қаржыны ұрлау фактісі бойынша қылмыстық қудалауды тоқтату үшін алдын-ала келісілген 15 000 АҚШ долларының 5 мыңын алған»,-делінген хабарламада.

Пара алғаны әшкеренген еекше маңызды істер жөніндегі аға тергеуші кінәсін бірден мойындады.Қазіргі таңда бұл фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Ресми мәліметтерге сәйкес, жыл басынан бері Экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлеріне қатысты сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың сегіз фактісі тіркелген. Олар алған параның жалпы мөлшері 25,5 млн теңгеден асады.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
23.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар