Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада мүгедек жанның махаббатын баяндайтын қойылымның премьерасы өтті

Астана қаласының Жастар театрында актер, режиссер  Дәурен Серғазиннің “Іздеп таптым сені…” қойылымының премьерасы өтті. Қойылым жастардың әлеуметтік желі, телефон арқылы танысып табысуы, адамдардың мүмкіндігі шектеулі жандарға деген көзқарасы сынды мәселелерді көтерген.

2

Аталған премьераға STAN.KZ сайтының тілшісі барып қайтқан болатын.

3

Қалың көрерменге “Қара шаңырақ”, “”Алдар көсе”, “Жау жүрек мың бала”, “А-ға оралу” көркем фильмдері арқылы таныс Дәурен Серғазиннің театр актеры екенін бірі білсе, бірі білмейді. Бүгінде өнер иесі тек театр актеры ғана емес, сонымен қатар режиссерлық қызметті де қатар алып жүр. Күні кеше ол Жастар театрының сахнасына Т. Миңнулиннің “Іздеп таптым сені…” драммасын алып шықты.

IMG_0886

Сахнада тыныштық. Тек әдемі әуеннің үні естіледі. Қыз бен жігіт билеп жүр. Алайда, бұл екеуінің қиялы ғана…

IMG_0893

Соғыстан қос бірдей аяғынан айырылып оралған 27 жастағы жігіт. Оның мүгедек халінен бейхабар бойжеткен. Екеуі телефон арқылы танысып, бірін-бірі сүйіп қалады. Дегенмен, бірін-бірі көрмей, тек даусын естіп қана ғашық болуға бола ма? Махаббат атты ұлы сезімді кез келгеннің басынан өткергісі келері хақ. Сүюге, сүйікті болуға әркімнің хақысы бар. Бірақ, мүгедек арбасына таңылған жанның өз теңін табуға қаншалықты мүмкіндігі бар?

IMG_0924

Қойылым осы сынды бүгінгі күннің өзекті мәселелерін көтерген. Біріншісі, жастардың әлеуметтік желі, телефон арқылы танысып, табысуы болса, екінші мәселе, мүмкіндігі шектеулі адамдарға деген көзқарас. Оларға деген қоғамның қатынасын дөп басқан.

IMG_1000

“Қазіргі адамдар қатыгез болып кеткен. Адамдардың мүгедек жандарға көзқарасы өзгерген. Сахнадағы инфографикалық бейнелер керемет берілген. Көрерменге ой саларлық қойылым деп ойлаймын”, – дейді театр көрермені Ахат Азтаев STAN.KZ сайтының тілшісіне берген сұхбатында.

1

Спектакльдің кейбір тұстары көрерменнің жүзіне күлкі үйірсе, екінші жағынан жүрекке мұң ұялатады. Қойылымда тағдырдың сынына түскен адам өмірінің қаншалықты ауыр екендігі, соған қарамастан ол азаматтардың өмірге деген махаббаты, құлшынысы көрініс тапқан.

IMG_0966

Айта кетейік, басты рөлді Дәурен Серғазиннің өзі сомдайды. Ал, оның ғашығының образын Жастар театрының жас актрисасы Іңкәр Нәсиева алып шықты. Пьесаны қазақ тіліне аударған жазушы Иран-Ғайып, қоюшы суретшісі – Ерлан Тұяқов, хореографы – Әділ Еркінбаев.

IMG_1030

IMG_1043

 IMG_1057

IMG_1064

IMG_1095

IMG_1124

IMG_1132

IMG_1158

4(1)

Талқылау