Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада мүмкіндігі шектеулі балаларға концертке қатысуға рұқсат берілмеді

Астанада мүмкіндігі шектеулі екі қызды концертке қатысуға шақырды. Бірақ ақырында оларға мерекелік шарада өнер көрсетуге мұрша бермеді. Ұйымдастырушылардың бұл ісінен балалар өздерін ешкімге қажетсіз жандар сезінді. Бұл туралы 31 арнаға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

“Біз барлығымыз әртүрліміз, бірақ теңдейміз” — дәл осы ұранмен ерекше қыздар “Әлем қабырғалары” деп аталатын концерттің ашылу салтанатында өнер көрсету керек еді. Бірақ олардың өнерін ата-аналары ғана тамашалады. Қыздың анасының сөзіне сенсек,  арнайы қызметтің қызметкері ұйымдастырушыдан оларды шығарып салуды сұраған. Осыдан соң, қыздар мен олардың ата-аналарынан басқа мекемеге барып, сол жерде кішкене уақыт күте тұруды өтінген. Би бітуге тақағанда қайттан шақырған.

“Жарты минут қана болды. Біз жай тұрдық, қол бұлғадық, шапалақтадық. Әрине, ешкімнің көңіл күйі болмады. Барлығы онсыз да түсінікті еді. Балаларды кемсітіп, олардың ешкімге керек еместігін көрсеткендері жаныма батты. Ішкі жан дүнием өртеніп бара жатты. Бұл жағдайға қайран қалдым”, — дейді Аруаның анасы Аида Қолпақова.

Ата-аналар осы жағдаймен әлеуметтік желілерде бөлісті. Жазба адамдар арасында кеңінен таралды. Желі пайдаланушылары қыздардың оқиғасын оқып, қайран қалды.

Ақтөбе облысының әкімдігінде жұмыс істейтін қызметкерлер жазбаны көріп, түсініктеме берді.

Концерт күні ауа-райы бұзылып кеткен соң, шараның ұйымдастырушылары  ата-аналар мен балаларды көрші мекемеге кіргізді. Олар өнер көрсету үшін кезектерін күтті. Бірақ концерттік бағдарлама қысқартылған соң, балалар соңғы нөмірге сәл кешігіп шықты, — деп жазды олар Facebook желісіндегі парақшаларында.

Өз өнерін концертте көрсеткісі келген қыздар Астананың құрамасына мүше. Спорт мектебінде хореографтың сабағына қатысады.

Талқылау