Астанада лифтісі үзілген үйдің тұрғындары өлімнен қалай аман қалғандарын айтып берді

Сенбі, 15 Сәуір , 2017 8:15

Астанада айдың-күннің аманында 7 бірдей тұрғын ажал аузынан әзер аман қалды. Қөпқабатты үйлердің бірінде лифт үзіліп, жолаушысымен жерге бір-ақ түскен. Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

ымым

Олардың алтауы ересек, біреуі бала. Сервистік компанияның салғырттығынан бұл үйде лифт жиі жібінен үзіліп тұрады екен. Үш жылдан бері шешім таппай жүрген тұрғындар, проблема қайғы болмай қайтпайды ма деп қорқады.

Өлім аузынан аман қалғандардың бірі 43 жастағы Нұрлан Баймаханов. 20-шы қабатта тұратын ол сыртқа шығып келемін деп лифтіге мінген. Бірақ бала-шағасымен іштей қоштасып ақтық сапарға аттана жаздадым дейді. Апаттан беті қайтып қалған азамат тіпті үйден шығуға жүрексініп, бүгін жұмысына да бармапты.

“Сол 6-шы қабатқа келгенде тоқтады лифт. Сосын тросстың үзілген жантүршігерлік дауысы, дүрс-дүрс етті. Ол 4-5 қабат болатын, сосын әрі қарай тағы кеттік. Аяғымыздың астынан жерді сезбедік. Аллаға сыйынып қана отырдық”, – дейді Нұрлан Баймаханов.

Құлдилап төменге құлаған лифтте 6 ересек адамның арасында 8 жасар оқушы қыз болыпты. Тап-тар темірдің ішінде тыныстары тарылып, есіктен саңылау тауып, әзер демалған. Ал лифтті ашып, адамдарды құтқарып алуға бір сағаттан артық уақыт кетіпті. Ал өлім атракционына айнала жаздаған лифт сол қалпында қатып тұр. Бұл оқиға дәл осы лифттің, өмір мен өлім арасында адам тасыған жалғыз сапары емес екен.

“Жүк лифтінде адамдар үнемі қамалып қалды. Диспетчерлік бөлімге хабарласып, шара қолданыңдар, жөндеңдер дегенде берген жауабы ақылға қонбайды. Арықтаңдар деп жауап берді”, – дейді Наталья Данилова.

Жүгенсіз компания осы үймен қатар тұрған тағы бір элиталық үйдің тұрғындарын әбден жүдетіпті. Қос баспанада 800-ге тарта отбасы тұрады. Айына әр пәтер 1200 теңгеден төлеп жүр. Ал көрсетілген қызмет ешқайсының көңілінен шыққан емес. Оқиғадан кейін лифтерді күтіп-жөндейтін мердігермен келісімін үзген қызмет көрсетуші компания, бар кінәні жөндеушілер мен тұрғындардың өздеріне артып отыр.

“Мен техник емеспін. Апат қалай, неліктен болғанын түсіндіре алмаймын. Алайда айтарым шамадан көп адам мінген”, – деді «Ати сервис» қызмет көрсету компаниясы директорының орынбасары Руслан Хасенов.

Оқиға қылмыстық кодекстің 306 бабы бойынша тіркеліп, полиция тергеу амалдарын бастап кетті. Егер де, лифт жөндеуші компанияның сақтық шараларына салғырт қарағаны анықталса, қылмыстық іс қозғалмақ. Сондықтан жеке фирма мен тұрғындар арасында ұзаққа кеткен даудың соңғы нүктесін сот қоюы ықтимал.

Оқи отырыңыз:

Жаңа әліпбиге көшкенде қазақстандықтардың есімін, ақшасын, құжаттарын ауыстыруына тура келеді

Бас прокурор: Әйелді ұратындарды қоғамдық жұмысқа салу керек

Бас прокурор: Арнайы курстан өтпегендердің неке қиюына рұқсат бермеу керек

Шымкент тұрғыны жергілікті депутатты парақор деп айыптап видеоүндеу жазды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар