Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада “Лексус” көлігі жүргіншіні басып өлтірді

Астанада Лексус жүргізушісі жүргіншіні басып кетті. ЖКО фактісі бойынша ҚР ҚК 345-бабы бойынша (абайсызда адам өліміне соқтырған жол қозғалысы) сот алды өндірісі жүргізілуде.

Lexus_RX_300_pic_142

«17 желтоқсанда сағат 17.00-де «Lеxus RХ-300» көлігімен Гете көшесі бойынша келе жатқан жүргізуші (алдын ала нұсқа бойынша көктайғақ салдарынан) рульді басқара алмай қалып, жүргіншілер жолына шығып кетіп, 44 жастағы С. деген азаматты басып кеткен, апат салдарынан жүргінші оқиға орнында көз жұмды», – деп атап өтілген Астана ІІД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сот медициналық, автотехникалық сараптама тағайындалды. Соның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Талқылау