Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада латын әліпбиін үйрететін орталыққа оқушылардан бастап зейнеткерлерге дейін келіп жатыр

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапхана жанында ашылған тегін  курста мектеп оқушыларынан бастап, самайына ақ түскен қариялар да бар. Оқу барысы қиын емес, латын графикасымен алғаш танысқан зейнеткерлер де 5-6 дәрістен соң-ақ  жазып-сызып жатыр дейді оқытушылар. Бірқатар мемлекеттік  мекемемелер  де  қызметкерлерін партаға қайта отырғызуға құлшыныс танытқан, деп хабарлайды КТК арнасы.

Бұл оқу – ерекше оқу. Партаға шәкірттерімен қатар ұстаздарын отырғызған пән – жаңа қазақ әліпбиінің курсы. Үй тапсырмасы – латын әліпбиімен досқа хат жазу.

№68 мектептің алтыншы сынып оқушысы Тоғжан, үш сабақтан жаңа емлені оп-оңай түйіп алыпты. Курс қатысушыларының жас мөлшері жетіден жетпіске дейін кете береді. Бүгінгі топтың ерекшелігіне байланысты сабақ ойын түрінде өтіп жатыр. Бағдарламаны  бас аяғы 10 сағатта меңгеріп шығады.

“Қате кетеді,  бірақ жаза аламын. Менде екі дыбысты әріптерден қате кетеді. Мысалы я, ю деген әріптерден. Ноқаттарды жаттап алсаң оңай болады”, – дейді 6 сынып оқушысы Тоғжан Құралбай.

Ал ең ересек оқушылар зейнеткерлер екен. Олар да елден қалмай әріп үйреніп жатыр.

“Мектеп оқушылары латын графикасына негізделген ағылшын әліпбиімен таныс. Сондықтан оларға жеңіл болып тұр. Ал енді зейнеткерлеге кішкене ауырлау болады. Олар 5-6 сабаққа келгенде әріптерді толық таниды. Өйткені қазір дәйекшелермен жазылған әріптерді ажырату оларға қиындық тудыруда”, – дейді филолог Елдос Тоқтарбай.

Елдос курс қатысушыларына бұл ақырғы  нұсқа емес екенін түсіндіріп жатыр. 2025 жылға дейін сегіз жылдың ішінде кейбір олқылығы түзетілуі  тиіс.

“Бұл әліпбиді біз идеалды әліпби деп тұрған жоқпыз. Бұның да кем-кетігі бар. Расында, дәйекшемен көп беріліп қойғандығы. Әсіресе қазақтың төл дыбыстары мен екі әріптердің бірігіп кетуі. Мысалы қысқа й мен кәдімгі и-дің бір әріп боп берілуі. Соны көп адамдар шатастырады”, – дейді филолог Елдос Тоқтарбай.

Дәйекшесі бар әліпби соңғы нұсқа болмаса да, бүгінгі оқу көз үйретуге жақсы дейді филолог маман. Сондықтан еңбегінің құр кетуінен қорықпайды. Тегін курсқа еліміздің мемлекетік басқару академиясы, бас прокуратура да қызығушылық танытқан. Сондықтан жақын арада мемлекеттік қызметкерлер қайтадан партаға отырады.

Жіберіп алмаңыз:

Алматыда жұмбақ жағдайда жоғалған жігіт іздестіріліп жатыр

Атыраудағы қалыңдық өлімі: Оқиғаның қалай болғаны туралы күйежігіттің нұсқасы

700-ден астам өзге ұлт өкілі Қазақстан азаматтығын алмақ

Алматыда букмекерлік кеңсе ұтыс ұтқан клиентіне 62 млн теңге төлейтін болды

 

Талқылау