Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада қымбат көлік мінген бойжеткен автобусты соқты

Астанада «Toyota Land Cruiser Prado» мінген бойжеткен жолаушылар автобусымен соқтығысты.

20161005190840

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Аталмыш жол-көлік апаты, бүгін күндіз, шамамен сағат 17:00-де Кенесары мен Уәлиханов көшелерінің қиылысында орын алды.

Апат куәгерлерінің бірі Самат Ысқақовтың айтуынша, №9 бағдарлы автобус өз жолағымен келе жатқан. Соқтығысу орын алғаннан кейін автобус жолаушылары алдымен абдырап қалып, кейін, әйел жүргізушіге ашу-ызаларын білдіре бастаған. «Бойжеткен болса, көлік салонында отырды. Меніңше, жылап та жіберді», – дейді куәгер.

Алдын ала мәліметтер бойынша, «Prado» көлігі басты көшеге бұрылып жатып, ондағы автобусты өткізбеген. Салдарынан жол апатын жасады. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ.

Астана ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол-көлік апатына кінәліні полиция анықтайтын болады.

Талқылау