Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада құрылысына тұрғын үй кепілдік қоры қамтамасыз еткен алғашқы пәтер пайдалануға берілді

Астанада тұрғын үй кепілдік қорының қамтамасыз етілуімен салынған алғашқы пәтер өткізілді. Қор құрылыс компанияларына объектіні кепілдікпен бере отырып, болашақ инвесторларға тұрғын үй құрылысының аяқталуы бойынша міндеттемелерді ресми түрде қабылдады.

Нәтижесінде «MilleniumPark»  ТК (14-блок, 2-алаң) үлескерлері өздерінің инвестицияларының толық қауіпсіздігіне сенімді болып, өз пәтерлерінің кілтін дәл уақытында алды. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

«Мемлекет кепілдік беру  арқылы үлескерлердің мүдделерін қорғайды. Тұрғын үйді кепілдендіру қоры бұл бағытта белсенді түрде жұмыс істейтін болады. Биылғы жылы жалпы құны 40 млрд. теңге болатын тұрғын үй құрылыс жобаларына кепілдеме беруді жоспарлап отырмыз», – деді «Тұрғын үй кепілдік қоры» АҚ басқарма төрағасы Данияр Жұмашов.

Қор «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» жаңа заңның шеңберінде жұмыс істейді. Сонымен қатар ол мемлекет тарапынан бірлескен инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғайды. Кепілдік қоры бүкіл Қазақстан бойынша кепілдеме жүйесін енгізу үшін құрылыс жобаларын таңдайтын болады. Сол үшін құрылыс компаниялары қаржылық тұрақтылыққа, біліктілік талаптарына сай болуы керек. Сонымен қатар, кепілдік қоры инжинирингтік компаниялар арқылы құрылыспен айналысатын мекеменің үлескерлер бөлген қаржыны қалай пайдаланғанын бақылайды. Бұл шаралар құрылыс компаниялары тарапынан үлескерлердің қаражатын ұрлауға жол бермейді.

Жіберіп алмаңыз:

Ақтаулықтар Кемеровода қаза тапқандардың тағзым етіп, құран бағыштады

Даниал Ахметов ШҚО-дағы су тасқынына байланысты Үкімет басшысынан көмек сұрады

Полиция жезөкшелерді қамшымен сабаған Жан Ахмадиевтің видеосын тексеріп жатыр

Кемеровода тағы да өрт шықты

Талқылау