Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада құны 2,5 және 3,5 миллиард теңге тұратын виллалар сатылымға шығарылды (фото)

Астанадағы элиталық ауданда орналасқан 10 бөлмесі бар вилла 2,5 миллиард теңгеге сатылымға шығарылды. Хан сарайындай зәулім үйде көп бөлмеден бөлек, монша, бассейн және өзге де жанға рахат сыйлайтын дүниелер бар.

вилла-8

Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Ғаламтор желісінде ертегідегідей зәулім сарайдың сатылатыны жөнінде хабарландыру пайда болды. Оның бағасы тек қарапайым жұртшылықты емес, пәтер сатумен айналысатын риелторлардың өзін шошытып жіберді.

Әрине, молшылықта өмір сүруге ешкім кедергі жасамайды. Алайда мұндай ақшаны ел қайдан табады деген заңды сұрақ туындайды.

Астанада сатылымға шығарылған коттеджге иесі 2 миллиард 380 миллион теңге сұрап отыр.

вилла

«Шұғыл, сатамын» атауымен сатылымға шығарылған үй елордадағы элиталық аудандардың бірінде орналасқан.

Жазбаға сәйкес, үйдің ішкі аумағы 739 шаршы метрді, ал сырты 40 соток жерді құрайды.

вилла-2

Екі қабатты үйде бассейн, сауна, монша, қойма және жатын бөлмелері бар. Болашақ иесі те құжаттары мен жеке заттарын алып келсе болғаны.

«Мемлекеттік қызмет пен жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі, тіпті, ұлттық қауіпсіздік Комитеті тексеру жүргізуі керек деп ойлаймын. Ол қандай ақшаға салынған? Меніңше, мұндай соммалы үй сатылымға шығарылса, оның адал ақшаға салынғанын тексеру қажет», – дейді Қазақстан блогерлер одағының президенті Ғалым Байтук.

Бір қызығы, бұл сатылымға шығарылып отырған ең қымбат үй емес. 3,5 миллиард теңгеге бағаланып отырған зәулім сарай да Астанада орналасқан.

вилла-4

Бұл ақшаға елордадан 166 екі бөлмелі пәтер сатып алуға болады.

Қызығы, осыған ұқсас хабарландырулар аз емес екен. Бүгінде элиталық меншік нарығы әжептеуір дамыған. Сатып алушы да, сатушы да бар.

Ал сатылым жағынан Алматы қаласы мен облысы, одан кейін Астана мен Шымкент қалалары алдыңғы орында тұр.

Әрине, мұндай меншікті бай да бақуатты адамдардың сатып алатыны белгілі. Әрі келісім-шарттардың барлығы ел көзінен тасада жүргізіледі.

Риелторлардың айтуынша, қалталы азаматтар үйді таңдаған кезде құны 100 мың доллар тұратын люстралар мен алтын сантехникаға ерекше мән береді екен.

«Үй иелері хабарландырудың ғаламторға шыққанын қаламайды. Бұл өзі сондай бүркеншік сауда іспетті, клиентпен тек жүзбе жүз кездесіп, сөйлеседі. Клиенттер келген жағдайда біз ұсыныс жасап, кейіннен суреттерін көрсетеміз», – дейді жылжымалы мүлік агенттігінің директоры Әсем Ақанова.

Шарықтаған бағасына қарамастан, Астанада мұндай үйлер тез сатылып кетеді. Риелторлардың сөзімен айтқанда, бұл өте өтімді мүлік. Мұнда елдің көзінен қорғайтын биік-биік қорған да бар. Әрі үй қаланың қақ ортасында орналасқан. Қысқасы, адамның жан рахаты үшін барлық жағдай жасалған. Тек ақша төлесең болғаны.

Жіберіп алмаңыз:

Министрлік елімізде бензин бағасының шарықтап кетуіне не себеп болғанын айтты

Қазақстанда доллар тағы да арзандады

Қазақстандықтар үшін несиелер арзандауы мүмкін

Зейнетақы қорын басқару тағы өзгермекші

Талқылау