Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада көпбалалы өрт сөндіруші Назарбаевтан алған пәтерінен қуылып жатыр

Астанада бұрын өрт сөндіруші болып жұмыс істеген көпбалалы әке өз пәтерінен қуылып жатыр. Ал 4 баласын тәрбиелеп отырған Қайыржан Нұрқайдаровқа 9 жыл бұрын осы пәтерді жақсы қызметі үшін мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев берген екен, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz.

Астанада көп балалы өрт сөндіруші Назарбаевтан алған пәтерінен қуылып жатыр

Ендігі бұрынғы өрт сөндірушіден 10 күннен кейін пәтерін босату талап етіліп отыр.

Оған 2013 жылғы жағдай себеп болыпты. Қайыржан мен оның әріптестері өз қызметінен бөлек басқа жерде қосымша жұмыс істегені үшін, жұмысынан қуылыпты. Отағасының сөзінше, сол жылдары қосымша табыссыз күн көру мүмкін емес еді.

«Қосымша жұмыс істеп, табыс тауып жүрдік. Қиын уақыт еті. Отбасымды асырау керек болды. Балаларым кішкентай. Бірақ бізді жұмысымыздан босатқан кезде, екінші жұмыс орнында істеп жүрдік. Мен ТЭЦ-1-де өрт сөндіруші болып қосымша жұмыс жасадым. Сонда аздаған тиын ғана табатын едік», – дейді ер адам.

Сол кезде Қайыржан негізгі жұмысында 55 мың теңге табыс тауып жүріпті. Ал қосымша жұмыстан табатыны – 35 мың теңге. Артынша оның негізгі жұмысындағы жалақысы көтерілгендіктен, қосымша жұмысынан шығып кетіпті. Алайда бұл жағдайдың өзі оны негізгі жұмысынан қуылуынан құтқара алмаған. Тіпті басшылық бұрынғы еңбектеріне де қарамапты.

Қайыржан жұмысынан қуылғаннан кейін қиындықтар басталған. Банктер пәтердің төлемін қабылдаудан бас тартып, оның жалға беру шарты бойынша берілгенін айтқан. Десе де сол кезде көп балалы әкені тыныштандырып, оның пәтерден шығарылмайтынын айтыпты.

Алайда 5 жылдан кейін Қайырдан Нұрқайдаровқа полицейлер келіп, пәтерін босатуын талап еткен. Ендігі отағасы 4 баласымен қайда барарын білмей отыр.

Десе де ол пәтердің кілтін Нұрсұлтан Назарбаев табыстағаны мен бұрынғы еңбегі ескеріледі деп үміттенеді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау