Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада қону кезінде Қорғаныс министрлігіне тиесілі ұшақтың екі дөңгелегі жұлынып кеткен

Болған жайтқа байланысты хабарламада  экипаж мүшелерінің дін аман екені, ұшақтың  басқа бөлігі зақымданбағаны айтылады. Болған әуе  оқиғасы айтарлықтай қауіпті еместігі хабарланды.

ұшақ

Бұл туралы Қазақстан жаңалықтары сайты жазды.

Астана әуежайында болған оқиға ұшақ дөңгелегі жүріп өткен жолақта кедергінің болғанымен байланыстырылған.

«Бүгін 13:37 шамасында ТУ-134 үшағының  Астана  әуежайына  қонар  кезінде екі дөңгелегі жұлынып кетті»,-делінген Қорғаныс министрлігі берген ақпаратта.

 Ұшақтың  төрт дөңгелегінің екеуі жұлынғанымен  ішіндегі жолаушылар аман қалған. Ұшақтың басқа бөлігіне ешқандай зақым тимеген.

«Алдын ала болжам бойынша, ұшақ дөңгелектерінің жұлынуына  қону жолағындағы бөгде заттың жатуы себеп болған. Екі дөңгелек те жаңа болған. Ұшақтың қонуы өз уақытымен тиісінше жүргізілген. Алдын ала болжам бойынша ұшқыш ештеңеден қателеспеген»,-делінген Қорғаныс министрлігі берген ақпаратта.

Ұшақ Алматыдан Астана бағытын бетке алған.

.

 

Талқылау