Астанада кондуктор аязды күні оқушы баланы автобустан шығарып жіберген

Астана тұрғыны баласын аязды күні автобустан шығарып жібергенін айтты. Бұл оқиға желіде талқыланды.

Әйелдің айтуынша, баласы №102 маршрутқа мініп, жолақысын төлемек болады. Алайда картасында ақшасы таусылып қалған екен. Бұл жайлы анасы желіде жазды.

“Баланы 20 градустық аязда автобустан шығарып жіберген кондуктор не ойлады? Қайта баланың өзімен телефоны болды. Маған хабарласып, алып кетуін сұрады. Егер телефоны болмаған жағдайда не болар еді?”, – дейді анасы.

Astana LRT баспасөз қызметінің мәліметінше, кондукторлар аязды күні балаларды көліктен шығармауы керек. Бұл туралы қызметкерлері түсіндіру жұмысын жүргізген. Кондуктор баланың картаның мәліметін автопарк басшылығына беріп, ата-анасына хабар беруі керек еді.

“Маршрут №102 Ақжайық ауданымен жүрмейді. Бұл экспресс-маршрут, онда кондуктор жоқ”, – делінген жазбада.

Қазіргі уақытта жағдай анықталып жатыр. Бұған дейін Astana LRT картасы жоқ балаларды көліктен шығармайтынын мәлімдеген еді.

Былтыр қараша айында да осыған ұқсас жағдай болды. Қыз баланы ақшасы жоқ болғандықтан автобустан шығарып жібереді. Оның телефоны сөніп қалғандықтан далада қалған. Жаяу жүргіншінің бірі қызға ақша беріп жіберген еді. Ал, кондукторды жұмысынан алды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
17.01.19
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар