Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада қоладан жасалған мүсінді ұрлап кеткен ер адам 4 жылға сотталды

Елордада «1932-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандары» мемориалдық кешенінен қоладан жасалған баланың мүсінін ұрлап кеткен ер адамға үкім шығарылды.

Астанада қоладан жасалған мүсінді ұрлап кеткен ер адам 4 жылға сотталды

Бұл туралы bnews.kz-ке сілтеме жасап,  Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

«Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық соты 2018 жылдың 20 маусымында 8 миллион теңгеден астам сома тұратын қола мүсінді ұрлап кеткен ер адамға қатысты үкім шығарды. Сот оны төрт жыл мерзімге бас бостандығынан айырды. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейтін болады», – деп хабарлады қалалық соттың баспасөз қызметі.

Іс материалдарына сәйкес, ер адамның 20 наурыз, 5 және 7 сәуірде Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің мемориалдық кешенінен металл әріптер мен нөмірлерді, ондағы гүлшоқты жасырын түрде ұрлап кеткені белгілі болды. Сондай-ақ, ол сол жылдың 23 наурызында «1932-1933 жылдардағы ашарлық құрбандары» мемориалдық кешенінен қоладан жасалған баланың мүсінін де ұрлап кеткен.

«Сот ісін жүргізу барысында айыпталушы жасаған қылмысына өкінетінін айтты. Ол бұған дейін де ауыр қылмыс жасағаны үшін екі рет сотталғандықтан, сот оның іс-әрекеттерінде ауыр қылмыстың рецидиві бар екенін мойындады», – делінген хабарламада.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау