Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада қоғамдық дәретхана мәселесі әлі шешілмей отыр

Астанада қоғамдық дәретхана мәселесі әлі шешілмей отыр. Сондықтан бұл мәселе елорда тұрғындары мен қонақтарын жиі алаңдатады. Тіпті, осы мәселеге орай тұрғындар арасында түрлі кикілжіңдер де туып тұрады.

астана

Бұл туралы 31 арна жазды.

Астанадағы Петров және Жирентаев көшелерінің қиылысындағы үй тұрғындарының реніші бұл. Жол жиегінде орналасқан гүл дүңгіршектерінің арты кешқұрым бастаңғы өтетін орынға айналады дейді.

«Азанда келесің мына жерде бутылка, шприцтер. Бүлдіріп кетеді. Шприцтер тастайды. Арақтың бөтелкелері. Үлкен дәрет, кіші дәрет  бәрін бүлдіріп кетеді ғой бұлар»,-деп шағымданады  аула сыпырушы Зейнадин  Құлманов.

Мәселенің бәрі осыдан басталады. Түнді қойып, күндіз де осы жағдай қайталанатын кездер бар екен. Өзіне тиесілі аумақтағы бассыздық жайында осы ауладағы наубайхана өкілдері ашына айтып отыр.

«Адамдардың көбі еріксіз осындай қадамға барып жатады. Салдарынан жағымсыз иіс берекемізді қашырып отыр. Сатып алушылар да көп шағым айтады. Қуысқа келіп дәретке отырмақ болғандарды көріп қалғанда терезеден ескертіп, тіпті учаскелік полицейді шақыртқан кездеріміз де болды. Бірақ, еш нәтиже жоқ»,-дейді  наубайхана директорының орынбасары  Кәрім Жаров.

3 жыл бұрын Тәжікстан азаматы елордадағы үйлердің ауласында дәретке отырамын деп, айыпты болған еді. Одан кейін де осындай бірнеше жағдай тіркелген.

Айналып келгенде, түйткілдің түйіні қоғамдық дәретханаға келіп тіреледі.

Бұл мәселені Астананың бұрынғы әкімі Әділбек Жақсыбеков та биік мінберден көтерген болатын. Әзірге, шешімі табылмаған сыңайлы.

 

Талқылау