Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада хоккейшілер матч кезінде төбелесіп қалды

Астанада өтіп жатқан ҚХЛ матчында хоккейшілер төбелесіп қалды.

Сурет: Видеодан кадр

Бұл туралы sports.kz хабарлайды.

Астанада «Барыс» пен «Лада» хоккей командалары кездесіп, ойын өткізді.

Ойынның жетінші минутында «Барыстың» қорғаушысы Александр Липинға күш көрсетілді. Мұнан кейін командалар арасында төбелес орын алды.

Өз кезегінде тәртіп бұзған ойыншылар жазаланды.

Ойын нәтижесі бойынша «Барыс» хоккей командасы өз айдыныда 4:3 есебімен жеңіске жетті.

Оқи отырыңыз:

Жансай Смағұлов Тунистегі Гран-При турнирінде алтын жүлдеге ие болды (видео)

Талқылау