Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығында өрт шықты

Астанадағы “Хан Шатыр” сауда ойын-сауық орталығында өрт тұтанды. Тілсіз жау бүгін кешкі 17.00 шамасында басталған.

55555

Сурет yvision.kz сайтынан алынды

Бұл туралы 24.kz сайты хабарлайды.

Өрт қаупі бастала салысымен, адамдар мен орталық қызметкерлері қауіпсіз жерге көшірілді. Hardee’s-тің ас үйіндегі бір шаршы метр алаңда электр сымдары өртенген. Абырой болғанда өрт жедел ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ.

Бұған дейін бүгін Астана қаласында “Әбу-Даби Плаза” кешенінің құрылысы да өртке оранғанын хабарлаған едік.

Талқылау